17 қазанда кітапхана қабырғасында ғылыми, ғылыми-көпшілік және көркем шығармаларды аударудан клуб қызметінің кезекті басқосуы өткізілді.
2015 жылдың 15-16 қазанында Абай атындағы кітапхана Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Хакім Абай даналығы» атты дөңгелек үстелге «Абай: сирек өлкетану дереккөздерінде» тақырыбында баяндамамен және С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасының «Болашақ бүгіннен басталады» …
Шахмат ойынының әуесқойларына жағымды жаңалық! Абай атындағы кітапхана шахмат ойынына қызығушылық танытқан қала тұрғындарына «Шахмат клубын» ұйымдастырды.
2015 жылдың 15 қазанында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қазақ халқының маңдайына біткен ақиық ақыны, қазақ әдебиетінің алып шыңының бірі – Қадыр Мырза Әлінің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақжайықтың ардақты ақыны» атты поэзия кеші болып өтті.
2015 жылдың 14 қазанында Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде өткен болашақ кітапханашылар сайысына төрелік етіп, студенттердің білімділігін айқындап, бағалап қайтты.
2015 жылдың 10 қазанында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, ғалым – Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуы мерейтойына орай «Абайтанудың көрнекті қайраткері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханада «Қайырымдылық аралығы» акциясы аясында іс-шаралар топтамасы жалғасуда. 9 қазан күні қітапхана қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Қызыл ай қоғамының медбикелік күтім ауруханасында» қайырымдылық күнін ұйымдастырды.
«Қайырымдылық айы» шаралар топтамасын 2 қазан күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері «Ұстаздар күні» мейрамына байланысты № 8 балалар үйінде жалғастырды.
1 қазан күні кітапханада «Өсер елдің қарты қазына болар» тақырыбында Халықаралық қарттар күніне орай кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2015 жылдың 1 қазанында кітапхананың оқу залында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша оқырман марафоны ұйымдастырылды.
Қайырымдылық айы» шаралар топтамасын 1 қазан күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері «Қарттар күні» мерекесіне байланысты қарттар үйінде бастады.
29 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлері С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесіп «Алып ойдың асқары – Хакім Абай» атты онлайн-әдеби кешін өткізді.
Абай атындағы әмбебап кітапханасының «Өнер өлкесінде» клубының аясында 23 қыркүйек күні Әміре Қашаубаевтың туғанына 127 жыл толуына орай «Ән падишасы – Әміре» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді.
23 қыркүйек 2015 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстанның тіл күні мерекесіне арнап қалалық № 8 балалар үйінде «Тіл –халықтың байлығы» атты блиц-турнир өткізді.
22 қыркүйек Қазақстан халықтар тілдер күні аясында М.О. Әуезов атындағы колледжінің кітапхана бөлім студенттеріне «Ана тілім-ата-бабам мұрасы»: электрондық ойын ұйымдастырылды.
Еліміздің елеулі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның әрбір азаматына денсаулық, ашық аспан, бейбіт өмір және жанұя бақытын тілейміз.
2015 жылдың 19 қыркүйегінде Абай атындағы кітапханада «Татар ұлтының тарихи-мәдени мұрасы және қазіргі заман бағыты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
19 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына арналған «Әдебиет тарихындағы ірі тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
