523-540 / 2936

Ертегілер еліне саяхат : онлайн кездесу

06.04.2023

2023 жылдың 6 сәуірінде Абай атындағы кітапханада Могилев қаласының (Беларусь) облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлескен түрде Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында онлайн кездесуі өтті. Шара барысында қатысушылар бала тәрбиесіндегі ертегілердің мән-мағынасымен танысты. Ата-бабаларымыз өскелең ұрпаққа адамгершілік нормаларын, …

Шәкәрімнің көркемдік танымындағы «мен» және «сен»: онлайн-лекция

06.04.2023
Биыл ғұлама ғалым, ақын,  ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толады. Осыған орай ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында  Абай атындағы кітапханада «Алаш» жобасы аясында ZOOM платформасында филология ғылымдарының кандидаты, Астана Халықаралық университетінің  доценті, шәкәрімтанушы ғалым Айнаш Байкенжеқызы Сейсекеновамен «Шәкәрімнің көркемдік танымындағы  …

Кітап патшалығына саяхат: әдеби-ойын сағаты

02.04.2023
2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері №45 ЖОББ мектебінің 4 «Д» сынып оқушыларына кітап күнінің маңыздылығы және балаларға кітап оқудың қажеттілігін дәріптеу мақсатында  «Кітап патшалығына саяхат» атты  әдеби-ойын сағатын ұйымдастырды. Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан …

Қазақстан музыкасындағы жарқын із: еске алу кеші

31.03.2023
Наурыз айының 30-шы жұлдызында Абай атындағы облыстық кітапханасында белгілі композитор, дүниеден ерте озған талантты тұлға Жолан Дәстеновтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақстан музыкасындағы жарқын із» еске алу кеші өтті. Кеш барысында талантты тұлғаның өмірдегі замандас жолдастары, өнердегі үзенгілес, қатарлас …

Өлкетанудың ғылыми негізін қалаған – Облыстық санақ комитетінің құрылғанына 145 жыл: ақпараттық сағат

31.03.2023
29-30 наурыз күндері облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Өлкетанудың ғылыми негізін қалаған – Облыстық санақ комитетінің құрылғанына 145 жыл» атты ақпараттық сағаты өтті. Іс-шараға Шәкәрім университетінің шет тілі факультетінің студенттері қатысты. 1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Саяси …

Ұлт қайраткері – Ғазымбек Бірімжан: онлайн лекция

30.03.2023

Абай атындағы кітапханада 30 наурыз күні «Алаш» жобасы аясында ZOOM платформасында алаштанушы, зерттеуші, ғазымбектанушы Данияр Маратұлы Ихсанмен «Ұлт қайраткері – Ғазымбек Бірімжан» тақырыбында онлайн-лекция өткізілді. Аталмыш шарада Алаш қозғалысының қайраткері, қаламгер Ахмет Байтұрсыновтың шәкірті Ғазымбек Бірімжановтің өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі, …

Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос: сұхбат- әңгіме

30.03.2023
Абай атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос» атты сұхбат- әңгіме өткізілді. Желідегі жиынның қонағы «Қазақстанның Құрметті журналисі», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбекұлы …

Өлкетанушылардың 2022 жылғы олжалары: өлкетану қонақжайы

30.03.2023

Абай атындағы кітапханада «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамы мен Абай кітапханасының мамандары бірлесіп, «Өлкетанушылардың 2022 жылғы олжалары» атты өлкетану қонақжайын өткізді. Шараға «Тарбағатай» ұлттық саябағының өкілдері, Электротехникалық колледж студенттері және кітапхана оқырмандары және «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының қызметкерлерінің шақыруымен Жапонияның 11 …

Дала, сенің ұлыңмын: кітап көрмесі

28.03.2023
25 наурыз күні кітапхана қызметкерлері қазақтың қабырғалы қаламгері, ақын, сыншы, аудармашы, сықақшы Жарасқан Әбдіраштың туғанына  75 жыл толуына орай «Дала, сенің ұлыңмын»  кітап көрмесін  оқырмандар назарына ұсынды. Ұйымдастырылған көрменің мақсаты оқырмандарды әдебиетіміздің дамуына үлес қосқан ақынның өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы …

Алаштың ардақ ақыны: онлайн-лекция

27.03.2023

Биыл ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай Абай атындағы кітапханада «Алаш» жобасы аясында ZOOM платформасында «Алаштың ардақ ақыны» тақырыбында онлайн-лекция ұйымдастырылды. Шараға қатысқан Абай облысына қарасты кітапхана мамандарына профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің иегері …

Ербол Жұмағұловпен шығармашылық кездесу

27.03.2023

Ағымдағы жылдың 27-ші наурызында кітапханамыздың ұйымдастыруымен заманауи ақын, кинорежисер Ербол Жұмағұловпен еркін форматта шығармашылық кездесу өтті. Шараны Е.Жұмағұлов  өзінің «Ерболдинская осень» кітабындағы өлеңдерімен бастады. Кездесуге Семей медицина университетінің, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің, М.Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттері қатысты. Әртүрлі тақырыпта …

Көктемнің ұлы мерекесі: ұлттық-танымдық ойын

17.03.2023

Ұлыстың ұлы күнi – Наурыз мерекесі қарсаңында балалар әдебиеттері бөлімі №8 балалар үйінің қызметкерлерімен бірлесіп тәрбиеленушілер арасында «Көктемнің ұлы мерекесі» тақырыбына ұлттық-танымдық ойын ұйымдастырды. Мерекелік шара барысында Наурыз мейрамының тарихы, қазақ ұлттық ойындары, ұлттық киім, ұлттық тағам, жарапазан жайлы ақпараттар …

Наурыз тойы – мереке, салт дәстүрім – береке: этнографиялық мереке

16.03.2023
16 наурыз күні Абай атындағы кітапханада «Наурыз тойы - мереке, салт дәстүрім - береке» тақырыбында этнографиялық мереке ұйымдастырылды. Мерекеге жиналған қонақтарды «Наурыз – достық пен гүлденудің мерекесі» тақырыбындағы кітап көрмесі қарсы алды. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Халқымыздың әдет-ғұрпын, …

14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі: танымдық кеш

15.03.2023
14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі.  Көрісу – халқымыздың көне дәстүрінің бірі. Көрісудің басты ұғымы – өткен қыстан, жылдан аман-есен шықтық, жаңа жылға, табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру.  Көрісу күнінде ешкім ешкімді шақырмайды. …

Армысың, әз Наурыз, Нұр-көктем!: экспозициялық кітап көрмесі

14.03.2023
Абай атындағы кітапханада Наурыз мейрамы қарсаңында «Армысың әз Наурыз, Нұр-көктем» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Адалбақан», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер», «Қазақтың әдет-ғұрыптары мен ырымдары», Ә. Сәдуақастың …

Абай оқыған әдебиеттер әлемі: сирек басылымдар көрмесі

03.03.2023

Абай атындағы облыстық кітапханамызға арнайы ат басын тіреген қаламыздағы Шәкәрім атындағы университеттің студенттері кітапхана тарихымен, қызметімен, оқырмандарға қызмет көрсету мазмұнымен кеңінен танысып, кітапханаға оқырман ретінде тіркелді. «Абайдың рухани орталығында» болып сирек басылымдарымыздың жауһар қорларынан ұлы ақынға рухани нәр берген әдебиеттер …

Танымал әйелдер тағдыры: кең көлемді кітап көрмесі

03.03.2023
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Абай атындағы кітапханада «Танымал әйелдер тағдыры» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мәдени шараға «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ҚР ІІМ Көліктегі ПД Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлері …