Ақпан айының 10-ы күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Парасаттылық деген не?» тақырыбында М.Әуезов атындағы колледждің «Шет тілі» мамандығының студенттерімен әңгіме диалог өткізілді. Шараның қонағы Ә.Бөкейханов университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Түйебаев Махмұт Мамырбекұлы болды. Парасаттылық – адам бойындағы …
2023 жылдың 10 ақпанында кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Републикасы аумағынан шығарылғанына 34 жыл толуына орай Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты Ауғанстанда әскери борышын өтеген интернациоалист-жауынгерлермен кездесу кеші өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, біздің жерлестеріміз Асан Нариманұлы …
Жыл сайын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынды еске алып, шығармашылығын оқырман қауымға таныстыру кітапханамызда дәстүрге айналған. Ақын шығармашылығына ынтық, поэзия сүйер жастар 9 ақпан күні әдеттегідей кітапханамызға жиналды. Ақын шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналған «Соғады жүрек» атты әдеби …
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Жыл сайын Ауған шекарасында жүріп қыршыннан қиылған боздақтарды еске алып, көзі тірі интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету шарасы кітапханамызда дәстүрге айналған. Осы еске алу күні қарсаңында кітапханамызда «Ауған соғысының тарихы беттерінен» кітап көрмесіне …
8 ақпанда Абай атындағы кітапхаханың балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері әйгілі француз жазушысы Жюль Верннің туғанына 195 жыл толуына орай №6 гимназияның 6 «Д» сынып оқушылары арасында «Ұлы арманшыл – фантаст» әдеби синквейнін өткізді. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері жазушының өмірбаяны туралы …
8 ақпан күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, аудармашы, абайтанушы-ғалым Сұлтанбеков Мұрат Рақымжанұлының 85-жылдық мерейтойына орай «Ақын. Ғалым. Абайтанушы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға тарихшы ғалым, Шәкәрім университетінің профессоры А.И. Исин, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, …
Абай атындағы кітапханада 6 ақпан күні Семей жастар ресурстық орталығымен бірге Talqy_Like жобасының кезекті отырысында Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабы талқыланды. Автор Қайрат Жолдыбайұлы бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады. …
2 ақпан күні Абай атындағы кітапханада қазақтың халық күйшісі, сазгер, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Құрманғазы – әлемдік деңгейдегі тұлға» атты кітап көрмесіне шолу өтті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Құрманғазының өмірбаянымен, қиын балалық және жастық шағымен, …
1 ақпан күні «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры Абай атындағы кітапханамен бірлесіп «Бүгінгі күннің қаһармандары» атты кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Бүгінгі күннің батырлары кімдер? Олардың ерлігіне не әсер етті? Бүгінгі қаһармандық немен өлшенеді? Патриоттық пен қаһармандықтың айырмасы қандай? Бүгінгі патриот ұрпақты …
25 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырып, «Қазақстан – Семей» телеарнасына сұхбат берілді. Сұхбат барысында жазушының шығармаларының ерекшелігіне, кейіпкерлерінің …
24 қаңтар күні Бизнес және сервис колледжінде Абай атындағы кітапхана мамандары Кешірім Бозтайұлы Бозтаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қоғам және мемлекет қайраткері» атты танымдық сағатын өткізді. Жиналған қауымға К.Бозтаевтың балалық және студенттік шағы таныстырылып, оның Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинатындағы еңбек …
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы 18 қаңтар күні Маңғыстау облысы Шетпе ауылындағы Серікбол Қондыбай атындағы музеймен және Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасымен бірлесіп «Серікбол Қондыбайұлы қазақ мифологиясының негізін қалаушы» тақырыбында бірлескен онлайн-дәріс өткізді. Шарада ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, …
2023 жылдың 14 қаңтарында Абай атындағы облыстық кітапханада оқырмандар клубының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Клуб мүшелері осы жолы Евгений Тубицынның «Обучение тишиной» кітабын талқылады. Автор өзі жазғандай, бұл кітаптың негізгі міндеті – адамның қызығушылығын ояту. Адамның өзіне, ақыл-ойына және психикасына қызығушылықты …


















