14 желтоқсан Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, этнограф, тарихшы, ғалым, ел-жер тарихының энциклопедиялық білімді шежірешісі, ұлағатты ұстаз Мұхаметқазы Мұхамедиұлының «Ердің ері – Ер Жәнібек» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап қазақ халқының қанды тарихы …
13 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан – ортақ атамекен» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан – өзі …
13 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Егемен елдің ұлы мейрамы» атты әдеби-сазды композиция өтті. Шараға Семей көпсалалы колледжінің студенттері, №8 балалар үйінің тәрибеленушілері, кітапхана пайдаланушылары қатысты. Шара барысында Абай атындағы кітапханада практикадан өтіп …
2017 жылғы 6-13 желтоқсан аралығында компьютер негіздері бойынша зейнеткерлерге арналған тренинг өткізілді. Қатысушылар мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесімен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалары берілді, онда зейнеткерлер алған білімдерін жақсы көрсете алды. …
9 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан елшілігіне тәжірибе алмасуға келген Еуропа мемлекеттерінің жас өкілдері Александр Банке (Франция), Айра Иксенбранд (Голландия), Мириям Грюнхольц (Швейцария) қонақта болды. Келген меймандармен кітапхана қызметкерлері пікір алмасып, мемлекетаралық қарым-қатынастар жайлы сөз қозғады. Сұхбат барысында қонақтар …
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 7 желтоқсан күні «Латын қарпіндегі басылымдар Абай атындағы кітапхананың сирек қорында» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды. Шараға қаламыздағы №22 орта мектеп оқушылары қатысты. Ұлттың рухани жаңғыруын бастайтын нақты қадамдардың алдыңғы қатарына қазақ тілі жазуын латын жазуына көшіру …
6 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада №22 орта мектептің 10 – шы сынып оқушылары үшін Алашорда үкіметінің және Алаш партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш» http://alash.semeylib.kz электронды кітапханасының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Кітапхана қызметкерлері Алаш ардақтыларының ел мүддесі, тәуелсіздік, ұлт …
Семей қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Халықаралық еріктілер күніне арналған салтанатты іс-шарада Абай атындағы кітапхананың орынбасары Амренова Гүльмира Фатихқызы қалалық мәслихат мадақтамасымен, бағдарламашы Изекенов Мақсат – БҰҰ-ның даму бағдарламалық мадақтамасымен, кітапханашы Түгельбаева Диана – …
2017 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері қаламыздағы №44793 әскери байланыс бөліміне барып, «Елбасы мерейі – ел мерейі» атты ақпараттық сағат өткізді. Тұнғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған шарада Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алған күннен …
1 желтоқсан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың студент жастар алдындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дəрісі өтті. Аталмыш шараға Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Ел. Елбасы. Елорда» атты кең көлемді кітап …
30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орайластырып, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Драма театрында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Көшбасшы даналығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алған күннен бастап бүгінгі күнге …
30 қарашада Абай атындағы кітапханада қалалық №1 Н.Г. Чернышевский атындағы мектептің 9-шы сынып оқушыларымен «Кітапханамен бірге оқимыз» жобасы аясында кездесуі өтті. Абай атындағы кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарды кітапхананың сайтымен, интерактивті электронды мүмкіндіктерімен таныстырды. Оқырмандар «Виртуальды анықтаманы» пайдалану жолдарымен танысты. Жас …
2017 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы кітапханада Шәкәрім атындағы университеті жанынан құрылған агротехникалық колледж студенттеріне арнап, қазақ және орыс тілдерінде «Елбасы портреті» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Тұнғыш Президент күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алған күннен бастап бүгінгі күнге …
2017 жылдың 28 қарашасы күні оқу залында тәжірибеден өтіп жүрген Көпсалалы колледждің кітапхана бөлімінің студенттері 1 желтоқсан Президент күніне орай, Елбасының жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, Мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Елін сүйген- Елбасы» атты …
2017 жылдың 20-27 қараша аралығында «Компьютер негізі және Windows қосымшалары» атты тренинг өткізілді. Тренинг тыңдаушылары – компьютер технологияларымен жұмыстарында айланыса бастаған мамандар. Олар компьютермен жұмыс істеудің негізін, Word бағдарламасының көмегімен құжаттарды құруды үйренді және Windows пен Microsoft Office бағдарламалық қосымшаларының …
Мұхтар Шахановтың туғанына 75 жыл толуына орай Абай атындағы кітапханада «Ғасырдың ғаламат ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Техникалық және гуманитарлық-заң колледждерінің студенттері ақынның өмірі және шығармашылығымен кеңінен танысты. Көрмеде ақынның шығармашылығы жайлы және әр жылдарда жарық көрген кітаптары ұсынылды. Мұхтар …
25 қараша күні Абай атындағы кітапханада «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне» орай «Қазақстан, сен жайлы ән саламын!» атты патриоттық әндерді орындаудан сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа шақыру және патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған. Елін сүйген, елі сүйген …
2017 жылдың 24 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.О.Әуезов атындағы колледж студенттеріне арнап Жуковский шығармаларына онлайн-шолу өткізілді. Онлайн әдебиеттер шолуы «Мәнерлеп оқу және балалар әдебиеті» пәнінің сабағына орайластырылып ұйымдастырылды. Бұндай үрдіс кітапхана ісінде бұрын сонды …