145-162 / 2614

Жүрегі оның жанартау: кітап көрмесі

20.07.2023

20 шілде күні Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Тыныштықбек Әбдікәкімовтің 70 жас мерейтойына орай «Жүрегі оның жанартау» кітап көрмесі өтті. Аталмыш шара кітапханаға келуішілер мен жұртшылыққа арнайы ұйымдастырылып, таныстырылды. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ақшам хаттары», «Бесінші …

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»: әдеби талдау

18.07.2023

2023 жылдың 18 шілдесінде «Оқуға құштар жас» республикалық кітап оқу байқауы аясында, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында, Zoom платформасы арқылы жазушы Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогына әдеби талдау жүргізілді. Аталмыш іс-шараға ШҚО, Абай облысының байқауға қатысушылары қатысты. Шара барысында …

Абай сирек мерзімді басылымдарда: ретро әдеби шолу

13.07.2023

Абай атындағы кітапхана 13 шілде күні «Абай сирек мерзімді басылымдарда» тақырыбында ретро әдеби шолу өткізді. Шолуға ҚР Ұлттық ғылым академиясының профессоры Айдархан Қайрат және Ахметова Еркежан ханым Астана қаласынан арнайы келді. Кітапхана қызметкері арнайы келген қонақтарды алдымен кітапхананың іргетасы қаланған …

Шығыстың дана ойшылы: кең көлемді кітап көрмесі

11.07.2023

Жерлес ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай 11 шілде күні Абай атындағы кітапханада «Шығыстың дана ойшылы» кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға келушілердің назарына Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, ақын туралы жарыққа шыққан кітаптар және фотосуреттері …

Ел жүрегі – Астана: кітап көрмесі

04.07.2023

4 шілде күні Абай атындағы кітапхана Астана күніне орай «Ел жүрегі – Астана» арнайы дайындалған кітап көрмесін оқырмандарға ұсынды. Аталған шараның мақсаты – Елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін баяндау арқылы оқырмандарға Астана қаласы туралы әдебиеттерді насихаттау, астана тарихы туралы …

Домбыра музыкасының сиқырлы әлемі: кітап көрмесі

01.07.2023

1 шілде күні Абай кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай кітапхананың тұрақты пайдаланушылары үшін қазақ мәдениетінде маңызды орын алатын және қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыраға арналып «Домбыра музыкасының сиқырлы әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға келушілер домбыраның шығу тарихы мен қазақтың …

Кітапханалар мен мұражай қорларындағы ұлттық мұра жәдігерлерінің библиографиялық сипаттамасын жасау жолдары: семинар

26.06.2023

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Алматы қаласында, Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы ұйымдастырған онлайн және офлайн форматында – «Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы: кітапханалар мен мұражай қорларындағы ұлттық мұра жәдігерлерінің библиографиялық сипаттамасын жасау жолдары» – атты Материалдық емес мәдени мұраны қорғау …

«Нашақорлық – қоғам дерті» кітап көрмесі

23.06.2023

23 маусым күні Абай атындағы кітапхана оқырмандарына 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күніне орай, нашақорлықтың алдын алу, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлық қоғам дерті» кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана оқырмандары көрмеге …

Қазақ даласының бірегей теноры: кітап көрмесі

22.06.2023

2023 жылдың 22 маусымы күні белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі, ұстаз-тәлімгер, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Бекен Бәкенұлы Жылысбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ даласының бірегей теноры» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана пайдаланушылары мен оқырмандарына халық әншісінің өмірі …

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз: кітап көрмесі

22.06.2023

21 маусым күні кітапхананың тұрақты оқырмандары үшін «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбын қамтитын кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Оқырмандар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихымен, әлем елдеріндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерімен, …

Сыры жұмбақ Бөрітостаған: онлайн-лекция

15.06.2023

15 маусымда Абай атындағы кітапхана Ақсуат аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп, ZOOM платформасында «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында, педагогика саласы бойынша іскерлік әкімшілік докторы, эколог, өлкетанушы Құттыбаев Ержан Кәрібайұлымен «Сыры жұмбақ Бөрітостаған» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. Шара алдында онлайн-лекция жүргізушісі Ержан …

Кітап менің жазғы досым: кітап көрмесі

15.06.2023

15 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Кітап менің жазғы досым» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, жазғы уақыттарын тиімді пайдалануларын ұйымдастыру мақсатында «Кітап менің жазғы досым» кітап көрмесі ұсынылып …

Қазақстанның киелі жерлері: өлкетану сағаты

13.06.2023

13 маусым күні «Семей қаласының қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің» қамқорлығындағы адамдар үшін «Қазақстанның киелі жерлері» атты өлкетану сағаты ұйымдастырылды. Абай кітапханасы қызметкерлері іс-шараны екі тілде өткізіп, көрермендер назарына слайд-презентациялар ұсынды. Іс-шараға қатысушылар Қазақстандағы және Абай өңіріндегі …

Сахна менің өмірім: онлайн кездесу

08.06.2023

2023 жылдың 8 маусымында Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен, ZOOM платформасында Абай облысының тумасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, музыкалық драма және қуыршақ театр өнері кафедрасының меңгерушісі, доцент, Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының актері Жанқалдыбек Муптиұлы Төленбаевпен …

Дәстүрлі әннің дүлдүлі: онлайн кездесу

07.06.2023

Маусым айының 7-ші жұлдызында Абай атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі әнші, ұстаз, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Еркін Шүкімановпен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында қазақтың дәстүрлі ән өнерінің бүгіні мен ертеңі жайында сөз қозғалды. Қонағымыз сөздің басын қазақ ән өнерін ғылым …

Тарихтан туған рәміздер: ақпараттық сағат

02.06.2023

2023 жылдың 2 маусымы күні кітапхана қызметкерлері «Семей қаласының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Аталмыш шара барысы Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдаумен басталды. Қатысушылар қазақ халқының …