1963-1980 / 2612

Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары: дін саласындағы әдебиеттердің тұсаукесері

09.09.2015

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2015 жылдың 9 қыркүйегі күні Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің және көлік колледжінің студенттеріне елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыру мақсатында дін саласындағы әдебиеттердің тұсаукесерін ұйымдастырды.

Ана мен баланы әлеуметтік қорғау: дәріс

04.09.2015

2015 жылының 4 қыркүйегінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отбасы күні мерекесі аясында «Ана мен баланы әлеуметтік қорғау» атты тақырыпта Семей қаласының көпсалалы колледж студенттеріне дәріс өткізілді.

Хиросима бейбітшілік тасы: акция

29.08.2015

29 тамыз 2015 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері бейбітшілік акциясы шеңберінде өткізілген «Хиросима бейбітшілік тасы» бейбітшілік нышанын табыстау рәсіміне белсенді түрде қатысты.

Жунусова Айгуль: Конституция күніне орай марапат

25.08.2015

2015 жылдың 25 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Абай кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Айгүл Тұрсынханқызы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында болып өтті.

Әлемге танылған тұлға атты кітап көрмесі

15.08.2015

15 тамыз 2015 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерей тойы аясында қалалық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан , Қарағанды, Павлодар облыстарының мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілген конкурска «Әлемге танылған тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Абай:ашылмай келген қырлары: абайтанушы А. Омаровпен әңгіме-сұхбат

10.08.2015

2015 жылдың 10 тамызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №5511 әскери бөлімінде техника және философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Асан Омаровпен «Абай: ашылмай келген қырлары» атты кітабы жайында әңгіме-сұхбат болып өтті.

Абайды еске алғанда: абайтанушы, ҚР мәдениет қайраткері М.Қ. Жүнісовамен кездесу

29.07.2015

2015 жылдың 29 шілдесінде кітапхананың «Абайдың рухани орталығында» ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналған, кемеңгер ақын тұлғасын кеңінен таныту мақсатында өткен кездесу шарасында Абай мемориалдық музейінде ұзақ жылдар басшылық қызмет еткен Майкен Қазбекқызы мұражайдың ең алғаш ашылу, ұйымдастырылу сәтінен бастап …

Абайдың рухани әлемі және кітапхана: мүмкіндігі шектеулі балаларға экскурсия

29.07.2015

2015 жылдың 29 шілдесінде кемеңгер ақын есімін алып отырған кітапханамызда ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Отан үшін от кешкен Бұланбаев Фатих: Ұлы жеңіске 70- жыл

28.07.2015

28 шілдеде Абай атындағы кітапханада Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орайластырылып, ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа ұлағат» атты кітап көрмесі Ұлы Отан соғысының ардагері жерлесіміз Бұланбаев Фатих аға жайлы ақпараттармен толықтырылды.

Сахараның дана ойшылы: кітап көрмесі

24.07.2015

2015 жылдың 24 шілдесінде Абай атындағы кітапхана қызметкелерінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, орталық саябақта ақын, жазушы, композитор, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай «Сахараның дана ойшылы»: атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жазға – кітаппен бірге!: оқу марафоны

22.07.2015

2015 жылдың 22 шілдесінде Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары және қонақтарына арнап, орталық саябақта «Жазға – кітаппен бірге!» тақырыбында оқу марафонын өткізді.

Абайдың қайраткерлік тұлғасы: Сирек басылым беттерінен: дәріс

22.07.2015

2015 жылдың 22 шілдесінде кітапхананың «Абайдың рухани орталығында» ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың қайраткерлік тұлғасы: Сирек басылым беттерінен» тақырыбында дәріс өтті. Шараның мақсаты сирек басылымдар қорындағы ұлы Абай тұлғасына қатысты құнды құжаттармен кітапхана пайдаланушыларын таныстыру.