127-144 / 2854

Т. Жанғалиев «Қарқуар»: кітап таныстырылымы

24.01.2025

Абай атындағы кітапханада ақын, Қазақстан жазушылар және журналистер Одағының мүшесі, Ы. Алтынсарин атындағы төс белгінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, «Халықаралық Жамбыл қоры» сыйлығының және «Халықаралық Алаш» әдеби сыйлығының иегері Т. Жанғалиевтің «Абай жолы» кітаптары сериясымен шыққан «Қарқуар» кітабының таныстырылымы өтті. …

Ұрпаққа аманат – тәуелсіз елдің туын биік ұстау: еске алу кеші

14.01.2025

14 қаңтар күні Абай кітапханасында тарихшы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің өмірден озуына байланысты «Ұрпаққа аманат – тәуелсіз елдің туын биік ұстау» атты еске алу кеші өткізілді. Еске алу кешін «Қазақстан Халық партиясы» Абай облысындағы филиалы …

Исабаев Бекен «Ұлылар мекені»: кітап таныстырылымы

10.01.2025

10 қаңтар күні Абай кітапханасында танымал қаламгер Бекен Исабаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған, 2024 жылы «Абай жолы» кітапханасы кітаптар топтамасымен жарық көрген «Ұлылар мекені» кітабының таныстырылымы өтті. Іс- шараға Әлихан Бөкейхан университетінің филология факультетінің студенттері қатысты. Шараға арнайы қонақ …

Қазақты әлемге танытқан қаламгер: әдеби кеш

10.01.2025

Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі, жазушы І. Есенберлиеннің туғанына 110 жыл толуына орай, Абай атындағы кітапханада 10 қаңтар күні «Қазақты әлемге танытқан қаламгер» атты тақырыпта әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға Әлихан Бөкейхан университетінің филология факультетінің студенттері қатысты Шара барысында Ілияс Есенберлин …

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: кітап көрмесі

09.01.2025

2025 жылдың 9 қаңтарында Әлихан Бөкейханов атындағы университеттің студент-практиканттары «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітап көрмесінің шолуында Франция, Италия, Қытай сияқты әлемнің әртүрлі елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың дамуы мен күресі туралы тарихи ақпараттар басты назарға алынды. …

Қазақтың қайсар ғалымы: дәріс сабақ

05.01.2025

Бүгін, яғни қаңтардың 5- жұлдызы әдебиет тарихшысы, ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедханұлының туған күніне орай Абай кітапханасының шаңырағында «Қазақтың қайсар ғалымы» тақырыбында дәріс сабақ өткізілді. Дәріске Ә.Бөкейхан университетінің гуманитарлық факультет студенттері қатысты. Шараға қатысушыларды «Абайтанудың көрнекті қайраткері» тақырыбындағы …

Тарихы терең театр: кітап тұсаукесері

25.12.2024

25 желтоқсан күні Абай кітапханасында Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының шаңырағына 90 жыл толуына арнайы шығарылған «Тарихы терең театр» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Өнер сүйер қауым мен көпшілік оқырманға арналған «Тарихы терең театр» кітабында театр тарихындағы …

Музыкалық аспаптардың таңғажайып әлемі. Еуропалық музыкалық аспаптар: өлкетану қонақжайы

23.12.2024

22 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада кітапхананың оқырмандары мен қала тұрғындарына арналған «Музыкалық аспаптардың таңғажайып әлемі» өлкетану қонақжайының «Еуропалық музыкалық аспаптар» атты 2-бөлімі көне еуропалық музыкалық аспаптарына арналды. Шараны «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамы мен Абай атындағы кітапхана мамандары дайындады. Ежелгі …

Қаламыздағы спорттық дәстүрлер: өлкетану сабағы

21.12.2024

20 желтоқсан күні Абай кітапханасының амандары № 6 гимназияның 7-сынып оқушыларына «Қаламыздағы спорттық дәстүрлер» атты өлкетану сабағын ұйымдастырды. Шараға өлкетанушы Станислав Серкович Сарсеков арнайы шақырылды. Шара барысында оқушылар қаламыздағы 19 ғасырдан бастау алатын спорт және дене шынықтыру қозғалысының даму тарихымен …

Кітапхана және аймақтық мәдени кеңістігі: кеңейтілген рухани-мәдени шара

19.12.2024

17-18 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Кітапхана және аймақтық мәдени кеңістігі» тақырыбында кеңейтілген рухани-мәдени шара өткізілді. Шараға Абай облысының кітапханашылары қатысты. Іс-шара барысында Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Толқын Берікбекқызы сөз сөйлеп, сәттілік тілесе, Абай кітапханасы директоры Мерей Қарт кітапхана тынысына …

Артық білім кітапта …: әдеби квиз

19.12.2024

18 желтоқсан күні кітапханамызда «Кітапхана және аймақтық мәдени кеңістігі» тақырыбындағы кеңейтілген мәдени-рухани шара аясында Абай облысы кітапханашылары арасында «Артық білім кітапта …» тақырыбында әдеби квиз ұйымдастырылды. Әдеби квизге қатысушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларға дайындалулары қажет. Бұл топтық жұмыс. Сондықтан аталмыш …

«Абай жолы» кітапханасы: кітаптар тұсаукесері

18.12.2024

18 желтоқсан күні Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы Абай атындағы музыкалық драма театрында Абай облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Абай жолы» кітапханасы жобасының тұсаукесері өтті. «Абай жолы» кітапханасы жобасының тұсаукесері …

Жазушы және өмір: шығармашылық кездесу

18.12.2024

18 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітап авторлары Роза Мұқанова, Серікзат Дүйсенғазы, Дәулеткерей Кәпұлы сынды белгілі ақын,қаламгерлерлермен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Ербол Алшынбаймен Абай облысы кітапханашыларының рухани жүздесу кеші болып өтті. …

Ел таныған ерен тұлғалар: шығармашылық кездесу

18.12.2024

17 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітап авторлары Дәулет Сейсенұлы, Серік Әкрамұлы Қалиев, Ақберен Елгезек сынды белгілі қаламгерлерлермен Абай облысы кітапханашыларының рухани жүздесу кеші болып өтті. Іс-шара барысында көптеген келелі әңгімелер айтылып, оқырман көкейінде …

Туған жерді жүрегімен жырлаған: кең көлемді көрме

17.12.2024

13 желтоқсан 2024 жылы қаламыздағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде ақын, журналист Ақылбек Манабаевтың шығармашылығына арналған «Өлеңі самал аңқыған…» жыр кешіне Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың мерзімді басылымдар бөлімі «Туған жерді жүрегімен жырлаған» тақырыбындағы кең көлемді көрмесін ұсынды. Көрмеге А. …

Тұлғалар бейнесіндегі Қазақстан тарихы: тарих сағаты

13.12.2024

12 желтоқсанда Абай кітапханасының қызметкерлері қаламыздағы № 6 мектеп-гимназиясында 10 «Г» сынып оқушыларымен тәуелсіздік күніне орай «Тұлғалар бейнесіндегі тәуелсіздік тарихы» тақырыбында тарих сағатын өткізді. Шара барысында оқушылар қазақ халқының көрнекті өкілдері туралы қызықты деректермен танысты. Іс-шарада Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 …

Алаш тағылымы: Тәуелсіздік негізі: танымдық сағат

13.12.2024

1917 жылы 5-13 желтоқсан арасында Орынбор қаласында өткен ЖЕкінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылып, астанасы Алаш қаласы деп Семей қаласы таңдалып, үкімет басшысы болып көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейхан тағайындалған. Ел Тәуелсіздігінің тұғыры болған осы тарихи оқиға құрметіне 12 желтоқсан 2024 …

Ұлт қасіретін арқау еткен басылым: тарихи – танымдық дәріс

12.12.2024

Желтоқсанның 12 күні Абай кітапханасының қабырғасында Алаш Орда Үкіметінің құрылған күніне орай «Ұлт қасіретін арқау еткен басылым» атты тақырыбында тарихи – танымдық дәріс өтті. Дәріс «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20 – …