1765-1782 / 2618

Шахмат турнирі

16.05.2016

13-15 мамыр аралығында Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы, қалалық шахмат федерациясы және Абай атындағы кітапханасы бірлесіп, Семей аймағының ең мықты шахматшыларының арасында турнир ұйымдастырып, өткізді.

Жадымызда мәңгілік сақтаймыз: әдеби-музыкалық марафон

09.05.2016

9-мамыр күні Абай атындағы кітапхана және «Кілт» авторлық әндерді орындаушылар клубының мүшелері Орталық мәдени және демалыс саябағында «Жадымызда мәңгілік сақтаймыз» атты әдеби-музыкалық марафон ұйымдастырып өткізді.

Отан. Бейбітшілік. Отбасы: мәңгілік құндылықтар: әдеби – музыкалық кеш

05.05.2016

Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 5-мамыр күні Абай атындағы кітапханада Отан қорғаушылар, Жеңіс күніне, Халықаралық отбасы күніне арналып, «Отан. Бейбітшілік. Отбасы: мәңгілік құндылықтар» атты әдеби – музыкалық кеш өткізілді.

Әдеби кинозал

30.04.2016

30 сәуір күні «Әдеби кинозал» клубының мүшелері кезекті отырысын режиссер Г.Козинцевтің қоюымен түсірілген В.Шекспирдің «Король Лир» фильмін тамашалаумен жалғастырды.

Халықтың қуаты – бірлікте!: ақпараттық мінбе

29.04.2016

Жыл сайын 1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

Жастарға экологиялық және патриоттық тәрбие берудегі кітапхананың көмегі

29.04.2016

Семей қаласында алты жылдан бері жастарға экологиялық және патриоттық тәрбие беру мақсатында аймақтық слеттар өткізу дәстүрге айналған. 28 – сәуір күні «Экологиялық топ – 2016 және оқушылардың орман шаруашылығындағы слеті» және 29 – сәуір күні «Қала колледждерінің слеті» өтті.

Ұлттық бірлігіміз – стратегиялық қолдау: кітап көрмесі

28.04.2016

1 мамыр мерекесі қарсаңында 28 сәуір күні Абай кітапханасында кітапханаға келушілерді «Ұлттық бірлігіміз – стартегиялық қолдау» тақырыбындағы кітап көрмесі қарсы алды. Кітапхана оқырмандары көрмеге қойылған басылымдармен танысып, әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.

Әнге ғашық жүрек: веб-альбом

28.04.2016

Әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың 65 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Әнге ғашық жүрек» атты веб-альбомын ұсынады.

Қазақ жеріндегі Ислам: кітап көрмесі

26.04.2016

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ.

Жер күні: экологиялық сағат

25.04.2016

Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. «Жер күні» атты экологиялық сағат осы …

Шәуешек қаласының кітапханасы: саяхат

23.04.2016

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Бүкілдүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданына туристік сапармен барып қайтты.

Кітап – ақыл ойдың айнасы: ашық пікірталас

22.04.2016

Кітап – барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние.