Ұлы Абайдың туған күні қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы, ғұмартанушы Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы Абай еліне арнайы саяхаттап келді. 9-11 тамыз аралығында Абай елін аралап, Семей қаласында ұлы ақынға арналған шараларға қатысты. 11 тамыз …
10 тамыз – Абай күнінде Абай атындағы әмбебап кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына және жазушы-драматург, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрілігіне қарасты Семей қаласындағы …
10 тамыз – Абай күніне орай және М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлылар үндескенде» атты бірлескен жоба Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында ұйымдастырылды. Жобаны Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасы, Невзоровтар отбасы мұражайы және Абайдың “Жидебай-Бөрілі” тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық …
Абай облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 22-ші маусым күні ZOOM платформасында «Алаш» жобасы аясында ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай «Шәкәрімнің өмір белестері» атты бейнедәріс ұйымдастырылды. Эфир қонағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, …
15 шілде күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Т. Аманов №16 атындағы мектептің оқушылар назарына, Балалар жылы аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Өнер алды – қызыл тіл» бағдарламасын негізге ала отырып тәрбиелік мәні зор қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндіру мақсатында «Мақал …
Бүгін Ресейдің Орынбор қаласындағы Биотехнология және Генетика институтының аға ғылыми қызметкері Сабыр Халелұлы Бекболов кітапханамызда қонақта болды. Сабыр Халелұлы қазақтың ұлттық сусыны – қымыз туралы Қазақстанда зерттелген зерттеу еңбектермен танысу мақсатында кітапханамызға келіп, кітапхана қорындағы ұлттық сусындар туралы басылымдармен танысты. …
5 шілде күні Абай атындағы кітапханада Астана күнін мерекелеу аясында «Менің астанам – ел мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Целиноград, Ақмола, Астана атауларымен өткен жолды ашып көрсететін Нұр-Сұлтан қаласының негізі қаланған күннен бастап дамуының тарихи маңыздылығын айғақтайтын басылымдар қойылып, шолу жасалды. Көрмеден …
Балалар жылы және «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» бағыты бойынша 5 шілде күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Ертіс өзенінің жағалауында кітапхананың жас оқырмандары мен «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушылары арасында «Спорт – денсаулық кепілі» спорт сағатын …
Бүгін, 29 маусым күні Абай облыстық Абай атындағы кітапханада қуанышты жағдай орын алды. Әріптестеріміз Балалар әдебиеті бөлімінің басшысы Жүнісова Айгүл Тұрсынқанқызы және Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің маманы Мұсылманкұлова Гүлмира Дикенқызы Қазақстан кітапханалық одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен …
24 маусым күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында “Sapsan” білім беру орталығының оқушыларына «Кітапханаға саяхат» атты ағылшын тілінде экскурсия ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері балаларды бір ғасырдан артық тарихы бар кітапхананың бөлімдерімен, бай кітап қорымен және ақпараттық қызметтерімен таныстырды. Абайдың рухани орталығында болған …
24 маусым күні Балалар жылы аясында шетел әдебиеттері бөлімінде Ағылшын ертегілері бойынша балаларға арналған викторина ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар ағылшын тілінде жазылған әйгілі ертегілер мен олардың кейіпкерлерімен танысты. Балалар ағылшын ертегілерін оқи отырып, басқа ұлттар мен елдердің ерекшеліктері, дәстүрлерін біле бастайды. …


















