1765-1782 / 2605

Жер күні: экологиялық сағат

25.04.2016

Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. «Жер күні» атты экологиялық сағат осы …

Шәуешек қаласының кітапханасы: саяхат

23.04.2016

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Бүкілдүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданына туристік сапармен барып қайтты.

Кітап – ақыл ойдың айнасы: ашық пікірталас

22.04.2016

Кітап – барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние.

Кітап мерекесі құтты болсын!

22.04.2016

22 сәуір күні Абай атындағы кітапхана Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай, кітапханаға алғашқы келген оқырманды кітап мерекесімен құттықтады.

Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты – халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

20.04.2016

20 сәуір 2016 жылы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Астана қаласында Л. Н.Гумилев Еуразия Ұлттық Университетінде өткен «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» атты тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып қайтты.

Ақиық ақын Мұқағали жырлары: дөңгелек үстел

20.04.2016

20 сәуір күні Абай атындағы кітапхананың «Поэзия бұлағы» ақындар клубы қазақтың ақиық ақыны – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ақиық ақын Мұқағали жырлары» атты дөңгелек үстел өткізді.

«Әлемнің Абайы, қазақтың дана ойы», «Ұлы Абайдың жиені»: кітаптарының тұсаукесері

20.04.2016

20 сәуірі күні Абай атындағы әмбебеп кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың жиені, Республикалық Абай қорының президенті, Абай ауданының және Семей қаласының құрметті азаматы, «Қазақстанның Құрметті журналисі» Балтабек Ерсәлімовтің құрастыруымен шыққан «Әлемнің Абайы, қазақтың дана ойы» және «Ұлы Абайдың …

Өлкетану – қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолдары: семинар

19.04.2016

19 сәуір күні «Прииртышье» өлкетану қоғамы және Абай атындағы кітапхананың ұйымдастырумен «Өлкетану – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолы» атты тақырыпта қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдеріне арналып өлкетану семинары өткізілді.

«Гид»: клуб басқосуы

16.04.2016

2016 жылы 16 сәуір күні Абай кітапханасы шетел әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен құрылған «Гид» ағылшын клубының алғашқы отырысы болып өтті.

Чернобыль куәгерлер естеліктерінен: еске алу күні

15.04.2016

Чернобыль Атом электр станциясы апатының 30 жылдығына арналып 15 сәуір күні «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры, «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» қоғамдық қоры мен Абай атындағы кітапхана бірлесіп , «Чернобыль көргендер естеліктерінен» атты еске алу күнін өткізді.

Рухани жол: Абай. Ән – мұра: тұсаукесер

15.04.2016

Абай атындағы кітапханада 2016 жылдың 15 сәуір күні абайтанушы, халық композиторы, қолөнер шебері Арғынбек Ахметжановтың 80 жасқа толу мерейтойына орай «Рухани жол: Абай. Ән – мұра» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.