17-18 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Кітапхана және аймақтық мәдени кеңістігі» тақырыбында кеңейтілген рухани-мәдени шара өткізілді. Шараға Абай облысының кітапханашылары қатысты. Іс-шара барысында Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Толқын Берікбекқызы сөз сөйлеп, сәттілік тілесе, Абай кітапханасы директоры Мерей Қарт кітапхана тынысына …
18 желтоқсан күні кітапханамызда «Кітапхана және аймақтық мәдени кеңістігі» тақырыбындағы кеңейтілген мәдени-рухани шара аясында Абай облысы кітапханашылары арасында «Артық білім кітапта …» тақырыбында әдеби квиз ұйымдастырылды. Әдеби квизге қатысушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларға дайындалулары қажет. Бұл топтық жұмыс. Сондықтан аталмыш …
18 желтоқсан күні Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы Абай атындағы музыкалық драма театрында Абай облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Абай жолы» кітапханасы жобасының тұсаукесері өтті. «Абай жолы» кітапханасы жобасының тұсаукесері …
18 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітап авторлары Роза Мұқанова, Серікзат Дүйсенғазы, Дәулеткерей Кәпұлы сынды белгілі ақын,қаламгерлерлермен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Ербол Алшынбаймен Абай облысы кітапханашыларының рухани жүздесу кеші болып өтті. …
17 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітап авторлары Дәулет Сейсенұлы, Серік Әкрамұлы Қалиев, Ақберен Елгезек сынды белгілі қаламгерлерлермен Абай облысы кітапханашыларының рухани жүздесу кеші болып өтті. Іс-шара барысында көптеген келелі әңгімелер айтылып, оқырман көкейінде …
13 желтоқсан 2024 жылы қаламыздағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде ақын, журналист Ақылбек Манабаевтың шығармашылығына арналған «Өлеңі самал аңқыған…» жыр кешіне Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың мерзімді басылымдар бөлімі «Туған жерді жүрегімен жырлаған» тақырыбындағы кең көлемді көрмесін ұсынды. Көрмеге А. …
12 желтоқсанда Абай кітапханасының қызметкерлері қаламыздағы № 6 мектеп-гимназиясында 10 «Г» сынып оқушыларымен тәуелсіздік күніне орай «Тұлғалар бейнесіндегі тәуелсіздік тарихы» тақырыбында тарих сағатын өткізді. Шара барысында оқушылар қазақ халқының көрнекті өкілдері туралы қызықты деректермен танысты. Іс-шарада Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 …
1917 жылы 5-13 желтоқсан арасында Орынбор қаласында өткен ЖЕкінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылып, астанасы Алаш қаласы деп Семей қаласы таңдалып, үкімет басшысы болып көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейхан тағайындалған. Ел Тәуелсіздігінің тұғыры болған осы тарихи оқиға құрметіне 12 желтоқсан 2024 …
Желтоқсанның 12 күні Абай кітапханасының қабырғасында Алаш Орда Үкіметінің құрылған күніне орай «Ұлт қасіретін арқау еткен басылым» атты тақырыбында тарихи – танымдық дәріс өтті. Дәріс «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20 – …
11 желтоқсан 2024 жылы еліміздің Тәуелсіздік күніне және Алашорда үкіметінің құрылған күніне орай Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханаға келген пайдаланушыларды «Алаш тағылымы – Тәуелсіздік негізі» – кең көлемді кітап көрмесімен қарсы алды. Көрменің ерекшелігі кітапханамыздың бай қорындағы мерзімді басылымдарда жария …
11 желтоқсан күні тәуелсіздік мерекесі күніне орай Абай кітапханасының қызметкерлері Бизнес және сервис колледжінде ұлы жазушы, қазақтың көркемсөз зергері,драматург Мұхтар Әуезовтің шығармасын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Қилы заман» туындысы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Қилы заман» романындағы қазақ …
10 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Семей медициналық университеттің шетелдік студенттеріне ағылшын тілінде «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның дамуына және оның тәуелсіздігіне орасан зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар – Абылай хан, …
10 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, Абай кітапханасы және «Асық» әдеби-мәдени клубының ұйымдастыруымен «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында «Отбасы» Баспа үйінен жарыққа шыққан «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітап қыркүйек айында жарыққа шығып, таныстырылымы републикамыздың …
8 желтоқсанда балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Авэль» көркемсурет студиясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік балалар көзімен» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара балалар мен жастар шығармашылығы сарайының «Алаш» вокалдық студиясының әншісі Молдахмет Ерсұлтанның орындауындағы «Мен қазақтың баласы» атты патриоттық …
Желтоқсанның 6-сы күні Абай кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Рухы биік, арманы асқақ – Қазақ елі!» атты көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылды. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктерімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шарамызға қала мектептерінен, жиыны …
Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры – бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы. Еліміздегі тарихы бай, дәстүрі қалыптасқан өнер ордасы. Қараша айының 29-шы жұлдызында Абай атындағы қазақ музыкалық – драма театрының 90 жылдығына орай, Абай кітапханасы қызметкерлері «Театр – ұлт рухының …
21 қарашада балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Семей қаласының №6 арнайы мектеп-интернатының оқушылары арасында «Ертегі әлеміне саяхат» әдеби ойынын өткізді. Бала кезінен бастап барлық балалар ертегілерді тыңдап, оқығанды ұнатады. Ертегінің көмегімен балалар жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, жағымды кейіпкерлерге жанашырлық танытуға, …